Қайырымдылық

Қайырымдылық шыршасы

 

 

 Мерекеден түрлі ертеглердің кейіпкерлерін кездестіруге болады. Балалардың жүздері шаттыққа толы. Олардың бұл қуаныштарымен бөлісу үшін бірге ата-аналары да келген. Көпбалалы отбастарынан шыққан және асыранды балалар үшін ұйымдастырылған шараға 50-ге жуық бала қатысты.

 Үміт Сағындықова, ана:
– Балалар осы мерекені күтеді. Өздерінің армандары орындалсын деп. Әр уақытта осындай мерекелеріміз болсын. Менің қызым, Аделяның мамасы 35 жасында дүние салған. Сосын біз өзіміздің қолымызға алдық қызымызды.

Мерекелік бағдарламаны ұйымдастырушылардың ертегі кейіпкерлеріне еніп, ән мен думанға бөлеген қызықты ойындары әр баланың көңілінен шыққан сияқты. Ұлын мерекеге әкелгендердің бірі – Максим Ганеман. Жалғызбасты ана баласының болашағынан үлкен үміт күтеді.

Максим Ганеман,СҚО балалар құқығын қорғау департаменті жанындағы әкелер мектебінің мүшесі:
– Бұл шараға әкелер мектебінен екінші жыл қатысып отырмыз. Өз балаларымызбен осындай шараларға қатысамыз. Мерекеге ерте дайындалдық.

Балалар үшін мереке көңілді өтті. Жасыл шыршаны айнала қоршаған балаларға Аяз ата мен Ақшақар әсем әндерімен тамаша көңіл-күй сыйлады.

Жаңа жыл құтты болсын, зор денсаулық, мол бақыт тілеймін
Маған ақшақар ұнады. Мен оған ұқсағым келеді. Өйткені ол өте әдемі.
Мереке өте көңілді. Адамдардың көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі болсын.

Шара соңында балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды.

 Әспет Әбдірешова