Әр түрлі

2013 жылдың белгісі – жылан

 

 

 

2013 жылы Шығыс күнтізбесі бойынша жылан жылы кіреді. Айдаһар жылан негізінен Орталық Азияны мекендейді. Ал мына бауырымен жорғалаушыны Артемға досы Ташкенттен алып келіпті. Жеті жылдан бері жылан осы жанұяның бір мүшесіне айналғадай.

 Артем Дубровский:
-Мен жыланды өте қатты ұнатамын. Жаныма осы жануар жақын. Бұл менің бойтұмарым. Жыланым Жаңа жылда маған ырыс-береке және бақыт сыйлайды.

Террариумда ол үшін барлық жағдай жасалған. Жылан жылуды тартады. Жәндік адамның аялы алақанын сүйеді. Алайда өзінен жылу шашпайды, үнемі мұздап жатады. Десе де Артем жылан үйге бақыт әкеледі дейді.

 Артем Дубровский:
– Бұл жыланға арнайы күтім қажет. Мына ыдыстың бір жағы 30 пайыз ылғалды болса, екінші бұрышының температурасы +30 болуы керек.

Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жылан жылы өзімен бірге талай сынақты ала келуі мүмкін деседі жұлдызшылар. Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ.Жылан жылы туылғандар сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Бойдағы бар күш-жігерді сарқуға тырыспаңыз. Қолда бардың қадірін бағалаған жөн. Өзгенің пікіріне мән беріп, күмәндана бергенді қою керек. Өзім білемге салып, өзгелерді ығыр қылмаңыз дейді астрологтар.

Гүлбану Ахметова