Билік

СҚО әкімі Серік Біләлов бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Орал Қаппасов әр жылдары Қарағанды облысының Осакаров ауданының әкімі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
Бұл тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына жетекшілік етті.

СҚО әкімінің өкімімен Шал ақын ауданының әкімі болып Марат Қосылұлы Омаров тағайындалды.
Марат Омаров әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің СҚО бойынша департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Бұл тағайындауға дейін «Мұнай-газ қондырғыларының конструкторлық бюросы» ЖШС-нің директоры болып еңбек етті.

Дана Ғизатова