Бизнес және экономика

“Единство” серіктестігі өнім көлемін арттырып отыр



 

Елбасымыз жаңа стратегиясында отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші екенін атап өткен болатын. Сондықтан да ел кәсіпкерлерін қолдау үшін тиісті шаралар жасалып жатыр. Осындай мемлекеттің көмегі арқылы ісі өрге домалағандардың қатарында солтүстікқазақстандық «Единство» ЖШС де бар.

Марат Мергенов, «Единство» ЖШС директоры:
13 жылда Президенттің айтқан сөздерімен, жолдауымен ылғи несие алып отырмын. «Дамудан» кредит алып жатырмын. Ұмтылсаң, көздегеніңе жетесің.

13 жыл бұрын құрылған кәсіпорын бүгінде 250-ге жуық өнім түрін шығарады. Жылдан жылға тауарға деген сұраныс артып, өндіріс ошағы қарқынды дамып келеді, дейді серіктестік директоры.

 Марат Мергенов,  «Единство» ЖШС директоры:
-Тапсырыс көбейіп жатыр. Былтыр біз 200 млн шығарсақ, биыл 300 миллионның өнімін шығарып отырмыз.

Кәсіпорында 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Әрбірі табысының еңбегіне лайық болатынын жақсы біледі. Сондықтан да аянбай еңбек етіп, өнім көлемін арттыруда. Ағымдағы жылы өндіріс орнындағы орташа жалақы 40 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өсіпті.Ахметқали Шаякин 2008 жылдан энергетик қызметін атқарып келеді. Жұмыс ұнайды дейді ол.

 Ахметқали Шаякин, «Единство» ЖШС бас энергетигі:
-Менің міндетім – зауытты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіп тұру. Біз оны істеп тұрмыз. Жұмысшының жалақысы кәсіпорынға түскен тапсырысқа байланысты. Заказ өте көп. Соның бәрін орындасақ, жалақы көтеріледі.

Келесі жылы өндіріс ошағы 400 млн теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отыр.

Айдана Демесінова