Облыс орталығын тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған «Қызылжар су» кәсіпорнының ағымдағы жылы тындырған істері аз емес. Биыл 218 млн теңгеге су және кәріз құбырлары ауыстырылыпты. Ауа райының суықтығына қарамастан 540 құдықтан су ағып тұр.
Ержан Құсымбаев, «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:
– Осы жылы жаңадан алынған техниканың арқасында су құбырларын уақытылы тазарттық.Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әлі қаражат жеткіліксіз болып отыр.Біздің ең басты өзекті мәселе ол апаттық жағдайдағы құбырларды іске қосу.
Сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген 178 млн. теңгенің 35 пайызы игерілді. Ол қаражатқа жаңадан 53 млн теңгенің жапондық «Комацу» экскаваторы сатып алынды. Бұл су жаңа техниканың көмегі орасан. Апаттық жағдайда жұмысты дер кезінде аяқтауға көмектеседі. Өткен жылы қаланың солтүстік коллекторына жөндеу жұмысы жүргізілсе, осы жылы оңтүстік бөлігі қалпына келтірілді.
Ержан Құсымбаев, «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:
– Облыс бюджетінен техника паркін жаңалауға қаражат бөлінді. Екі ауыр машина алдық. Апатты қалпына келтіретін үш техника және арнайы автокөлік сатып алдық.
Ағымдағы жылдың 31 қарашасынан бастап ауыз судың 1 текшесіне 41,19 теңге төленетін болады. Келесі жылы кәсіпорын 15 шақырым су құбырларын және 2 шақырым кәріздік жүйені ауыстыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, насоспен жұмыс істейтін су станцияларын заманауи автоматтандырылған технологиямен жаңартпақшы.
Біржан Төлепберген