Қоғам

Солтүстік Қазақстан жұртшылығы ұшақ апатында қаза тапқан шекарашылар рухына тағзым етті

 

 

Николай Погодин атындағы орыс драма театры алдындағы алаңға жерлестеріміздің қолдарында 2 тал гүл бар. Қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, этномәдени орталықтардың мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер Ағынтай және Қарасай батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қою арқылы көз жұмған шекарашылардың рухына тағзым етті. Өйткені апат кесірінен жан тапсырған азаматтар да Отанымыздың шекарасын батыл қорғаған дейді жиылғандар.

 Николай Авдеев, «Братство сибирских Казаков» ҚБ атаманы:
Бүгін біздің ел үшін қайғылы күн. Қаза тапқан шекарашыларды аза тұту күні. Олар бейбітшілікті күзетті, өмірлерін аса жауапты да, қиын жұмысқа арнады. Біздің тыныштықта өмір сүріп, бала тәрбиелеуіміз үшін жағдай жасады.

Оңтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы оқиға талай жанды қасіретке батырды.

 Рахат Әзімбаева, “Томирис” гендерлік білім беру орталығы” ҚБ төрайымы:
-Оқыс жағдайдан құрбан болған азаматтардың отбасыларына, туған туысқандарына бәріне көңіл айтамыз. Шекарамыз берік болсын деп айтқым келеді. Өлім мен қайғы деген нәрсе айтып келмейді. Барлық отбасын осындай қайғыдан, оқыс оқиғадан сақтасын!  

Әрбір қазақстандық мұндай қайғылы жағдай қайталанбаса екен деп тілейді.

Айдана Демесінова