Қоғам

Мүгедектер клубы ашылады

Бұл күнді солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі споршылар тағатсыздана күтті. Клубтың ашылуы олардың біршама түйткілді мәселелерін шешпек. Әсіресе, спортпен шұғылданушылардың қатары артады дейді жүзуден республикалық турнирлердің жүлдегері Владимир Эрман.

Владимир Эрман, мүгедектер спортының халықаралық дәрежедегі шебері:
– Клуб ашылысымен мүгедектердің спортпен шұғылдануна арналған жабдықтардың базасы кеңейеді деп сенеміз. Қаржылық қолдау да күшейеді. Сондықтан өңірімізден талай білікті спортшылар шығары анық.

Мұндай спорттық клубтың құрылуын өңір жетекшісі қолдады. Облыстық бюджеттен 16 млн теңге қаражат бөлінді. “Үміт” клубы келер жылдың ақпан айында өз жұмысын бастамақ. Жыл сайын біздің спортшылар өңір намысын ірі додаларда қорғап келеді. Мәселен, Сергей Харламов параолимпиадалық ойындарда республикалық құрамада болған. Спортшылар клубтың жаңа дарындарды табуға септесеріне үмітті.

Вячеслав Латышев, СҚО мүгедектер спортының аға жаттықтырушысы:
– Мұндай клубтар еліміздің 7 өңірінде жұмыс істейді. Біз 2008 жылдан бері балалар-жасөспірімдермен жұмыс жасамадық десе де болады. Өйткені оған құқығымыз болмады. Енді барлық спортшылар қамтылмақ.

Өйткені клубтың тағы бір ерекшелігі – спортшылардың жасына шектеу қойылмаған.

Инеш Шоқақова