Ұлт денсаулығын жақсарту ісінде еліміздің медицина саласы едәуір ілгерілеуге қол жеткізгенін Елбасы жуырда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында атап өтті. Әсіресе соңғы бес жылда ана өлімі 3 есеге азайса, бала туу көрсеткіші 1жарым есеге өскен. Мұны жалпы медицина саласының жетістігі деп білу керек дейді жиынға қатысушылар.
Гүлзада Набиева, СҚ медицина колледжінің мемлекеттік тілде білім беру бөлімінің меңгерушісі:
-Медициналық білім беру мен қызмет көрсетуде заман талабына сай, жаңа кезеңдер жаңа бастаулар күтіп тұр. Оқушыларымыз қазіргі заманға бейімделген маман болулары тиіс.Осы күні біздің колледжде 1237 оқушы білім алуда. Біздің коллежде емдеу ісі, акушерлік таным, стоматолог-дантист, мейірбике ісі, лаборатория, фармация мамандықтары бойынша балалар білім алуда. Оларға деген сұраныс бар.
Бүгінде білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда. Қай саланың маманы болмасын биіктерді бағындыру үшін ұдайы білімін жетілдіріп отыруы керек.
Айсұлу Сағынаева, СҚ медицина колледжінің студенті:
– «Қазақстан – 2050» атты стратегиямен таныстым. Онда маған ерекше әсер еткен тақырып – ол білім жүйесі болды. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Басқа елдер сияқты Қазақстан да мектепке дейінгі білім жүйесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Біз осы медициналық колледжінде оқу арқылы білім жүйесін ары қарай дамытамыз деген ойдамын.
Медициналық колледждің қабырғасынан жыл сайын 300-ге жуық маман дайындалады екен. 80 жылдық тарихы бар оқу ордасынан осы кезге дейін 18 мыңнан астам адам білім алып шыққан.
Әспет Әбдірешова