Құқық қорғау органдары

“Пиротехника – 2012” шарасы

 

 

Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық жарылғыш заттарды сату жиілей түседі. Ал олардың заң жүзінде лицензиясы бар-жоқ екендігіне көпшілігі мән бере қоймайды. Сол себепті де жыл сайын сауда орындарында рейдтік шаралар өткізіледі. Бүгін сондай тексерістің барысында, «Жібек жолы» базарында жарылғыш заттарды бір емес, 3 жерде заңсыз сатушы ұсталды.

Ринат Багаутдинов, Петропавл қалалық ІІБ қару-жарақ айналымын лицензиялау және қадағалау бөлімінің аға инспекторы:
Пиротехникалық заттарды заңсыз сатушылар бойынша материалдар жиналып, әкімшілік мамандандырылған сотқа жіберіледі. Соттың шешімі бойынша пиротехникалық заттарды сот орындаушылары жояды. Осы кезге дейін қала аумағында мұндай 4 заңбұзушылық тіркелді.

Оннан астам пиротехника түрін саудалаушының барлық жарылғыш заттары тәркіленді. Жарылғыш заттарды рұқсат қағазынсыз сатқаны үшін төленетін айыппұл мөлшері – 20 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Аслан Ахметжанов, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының инженері:
Заңсыз жарылғыш заттарды саудалайтындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пиротехникалық заттар тәркіленеді. Лицензиясы болмағаннан кейін олар қауіпті, жарақат алуы мүмкін. Әсіресе балалар үшін сақ болу керек.

Өткен жылы мұндай заңсыз сату бойынша 8 жағдай тіркелген. Рейд шаралары қаңтардың үшіне дейін жалғасады.

Әспет Әбдірешова