Қоғам

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні жарияланды

 

 

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға желтоқсанның 25-і күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орын алған. Астана – Шымкент бағытында ұшқан  АН-72 әуе кемесінің бортында 7 экипаж мүшесі мен 20 әскери қызметкер болған. Оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің директоры полковник Тұрғанбек Стамбеков және шекара бөлімдерінің жетекшілері болды. 27 азаматтың барлығы көз жұмды.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Айдана Демесінова