Өнеркәсіп

Индустрияландыру бағдарламасы бойынша жаңа жобалар таныстырылды

«Өнімділік – 2020» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның 14 аймағынан 43 инвестициялық жоба және 8 өнеркәсіптік сала оның қатысушысы атанды. Жобалардың жалпы құны барлық іске асыру кезеңінде 111,2 млрд теңгені құрады.
«Мұнаймаш» АҚ-да бүгінде «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мұнай өнеркәсібі қондырғылары өндірісін модернизациялау» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның құны – 1,5 млрд теңге. Жоба бағдарламаның сараптама мен кешенді жоспарды әзірлеу шығынын ішінара өтеу бағыты бойынша іске асады. «Қазақстанның даму Банкі – Лизинг» АҚ-мен келісім жасалған.
Жоба бойынша, 12 жоғары технологиялық озық қондырғы өндіріске биыл ендіріледі. Жапония, АҚШ, Бразилияда шығарылған қайта өңдеу орталықтары еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік бермек. Осыған қоса металл өңдеу қондырғылары паркін жаңартып, ұңғыма штангалық сорғылардың қуаттылығын арттыруға, бұйымдарды әзірлеу уақытын қысқартуға, өнімдердің өзіндік құнын 23%-ға кемітуге жағдай жасайды.

Ал екінші жоба “Зенченко и К” командиттік серіктестігіндегі желден қуат алатын генератор. Материал туралы толығырақ біздің сәрсенбі күнгі хабарымыздан көре аласыздар.

Дана Ғизатова