Спорт

Джиу-джитсудан ел чемпионатында жерлестеріміз 3 медаль жеңіп алды

 

 

 

Тартысты дода Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ге тарта спортшыны тоғыстырыпты. Біздің өңірдің намысын қорғауға 6 спортшы аттанып, 3-уі жүлдегер  атаныпты. Солардың бірі Александр Никитин. 92 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол финалға шығып, есесін Павлодарлық спортшыға жіберіп алған. Сөйтіп, ел чемпионатының қорытындысы бойынша 2-ші орыннан көрінген.

Александр Никитин, жеңімпаз:
– Мен еркін күрестен кейін, джиу-джитсумен айналысуды жөн санадым. Спорттың бұл түріне ден қойғаныма да 2 жыл болып қалды. Жалпы Елордада өткен жарыс жоғары деңгейде болды. Қарсыластарымның дайындығы да мықты. Жеңіс тұғырынан көрінгеніме қуаныштымын.

Ал, Иван Бессонов үздік үштікті қорытындылапты.

Иван Бессонов, жеңімпаз:
-Ел чемпионатының жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуы өте жақсы. Және жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен мықты деген спортшылар жиналды. Негізі өзім спорттың бірнеше түрімен айналысамын. Өйткені спорт денсаулық кепілі.

Өңірімізде джиу-джитсуды дамытуға былтырдан ден қойыла бастады. Спортшылар осы уақыттың ішінде бірталай жетістіктерге жетті.  

Әлібек Тілеуберген, жаттықтырушы:
Біздің өңірде спорттың бұл түріне дамытқан Әділ Мұқарамұлы. Біздің спортта қазір 15-20 адам айналысады. Бұл спорт түрі Жапониядан келген. Біздің елде 2-3 жылдан бері дамуда.  

Жерлестеріміз ел чемпионатында бір күміс, 2 қола медальмен қоржындарын толықтырды.

Гүлбану Ахметова