Құқық қорғау органдары

Ұрыдан қалай сақтану керек?

Ұрылардан қайтсек қорғануға болады. Бұл – жиында қаралған басты мәселе. Қазіргі күні пәтерді былай қойғанда, баукеспелер тіпті кеңселердегі сейфтер мен банкоматтарға да ауыз салуда. Осыған алаңдаушылық танытқан тәртіп сақшылары, қылмыс қайткенде де ашылады, алайда оның алдын алу үшін   бірлесіп жұмыс атқаруымыз керек дейді.

Серік Едресов, СҚО ІІД бастығының орынбасары:

 

-Мысалға мына банкоматты алар болсақ, ол не дабыл қаққыш, не бейнебақылау камерасымен жабдықталмаған. Тіпті көз қырын салар күзетші де жоқ.

Оқу орындарында ұялы телефондардың ұрлану фактілері де жиілеп кеткен. Оған себеп не?

Серік Едресов, СҚО ІІД бастығының орынбасары:

-Бұл ұрлықтардың алдын алу мақсатында мектептерде сейфтер қоюды ұсынамыз. Сабақ кезінде оқушылар бағалы заттарын сонда сақтап, кейіп алып кете алды.

 

Заң бұзушылықтардың алдын алуда «Көршілер бақылауы» бағдарламасы да өз жемісін беруде. Жыл басынан қырағы көршілердің көмегімен мыңнан астам қылмыстың беті ашылыпты. Алайда сақтансаң-сақтармын деген қағиданы естен шығармаған жөн.

Самат Есмағи