Қайырымдылық

“Эра Милосердия” қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық шыршасы

 

 

Сандуғаш Тасболатова 5 бала тәрбиелеп отыр. Көпбалалы ана 3 сәбиімен жаңажылдық таңертеңгілікке шақырту алыпты. Оған бүлдіршіндер де, ана да қуанышты. Ести сала барларын киіп, мерекеге қуана келген.

Сандуғаш Тасболатова, көпбалалы ана:
Жаңа жылға бірінші рет шақырып жатыр. Көп рахмет. Осылай көмектесіп тұратын шығар деп ойлаймын. Бәріңізді жаңажылмен құттықтаймын.

Таңертеңгілікке көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан жасы 15-ке дейінгі балалар қатыса алады.Ссолардың бірі Бейнегүл Қаламқас қайырымдылық шарасына жыл сайын келемін дейді.

Бейнегүл Қаламқас:
Жылда шақырады бізді. Галина Васильевнаға көп рахмет. Таңертеңгілікте бізге өте жақсы.  

Бүгінгі жаңажылдық таңертеңгілікке демеушілер де қатысты. Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Айбек Сайдалин мешіт атынан көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан бүлдіршіндерге аз да болса қаржылай көмек көрсетуді жөн санапты.

Айбек Сайдалин, Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы:
Мешіттің атынан жиі көмектесеміз. Жетім және ауруханаларға қаражат жағынан мұқтаж жандардың бәріне көмектесіп тұрамыз.  

Жаңажылдық таңертеңгілікке ұйымдастырушылар 120 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан бүлдіршіндерді шақырыпты. Бірақ ауылдардан күннің суығына байланысты көбі келе алмапты.

Галина Калинкина, “Эра милосердия” ҚБ президенті:
Біз қайырымдылық шараларын  жылына 3 рет өткізіп тұрамыз. Әрдайым балаларға сыйлық, дастархан жайып, шай береміз. Бүгінгі таңертеңгілікке көп бүлдіршін келе алмады. Барлық балаларға сый дайындап қойып едік.

Таңертеңгілікке жиналған балалар өз өнерлерін көрсетіп, аяз ата мен ақшақардан тәтті сыйлық алды.

 Гүлбану Ахметова