Қылмыс

Облыста тағы бір телефон лаңкесінің әрекеті тіркелді

 

 

Бірден оқиға орнына аудандық арнайы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері жеткен. Мектептен 316 адам қауіпсіз жерге шығарылыпты. Дәл осы күні білім ошағында пән олимпиадалары өткізілсе керек. Сағат түскі 2 жарымда құтқарушылар мәліметтің жалған екендігін хабарлады. Жарылғыш құрал да, күдікті заттар да табылмаған. Ал жалған хабар берген Хлеборобное селосының 9 сынып оқушысы болып шықты. Ол өз қателігін мойындап отыр. Әзілкеш оқушыға қатысты ҚР ҚК 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай жағдайда әдетте, аса ірі көлемдегі айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Полицейлер мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін ата-аналар мен мұғалімдер балалармен жұмыс істеуі керек деп отыр.

Инеш Шоқақова