Балалар

Балалар мен жасөспірімдер клубында Жаңа жыл мерекесі тойланды

Жаңа жыл – әр баланың асыға күтетін мерекесі. Сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күні олар түрлі әдемі киімдер киініп, аяз ата мен ақшақарды асыға күтеді. Балалар мен жасөспірімдер клубтарына қатысатын оқушылар үшін бүгін сондай ерекше күндердің бірі.

 Лариса Калтушкина, «Көктем» балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастырушы мұғалімі:
– Балалардың жаңа жыл мерекесін дәстүрлі түрде өткіземіз. Оған қаладағы клубтарға қатысатын жеткіншектер қатысады. Олар үшін арнайы ертегі қойылады.

Жаңа жылдың басты сәні – жасыл шыршаны айналған балалар ойынның қызығына бөленіп, арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады. Балалар «Сиқырдың арбауындағы ақшақар» ертегісін тамашалады. Оқиғасы әдеттегі қойылымыдардан сәл өзгешеленеді екен. Көп жағдайда Ақшақар Аяз атаны іздеп, балалардан көмек сұрайтын. Бұл жолы ертегі кейіпкерлері бірлесіп, сиқыршының арбауындағы Ақшақарды құтқарулары керек болды.

 Борис Баринов:
– Ертегі барысында қонжық Ақшақарды іздеп табуы керек. Ол үшін сиқырдың құпиясын шешу қажет. Жалпы ертегі жақсы аяқталады, кейіпкерлер бақытқа кенеледі.

Әспет Әбдірешова