Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясында Елбасы Жолдауы талқыланды

 

 

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты жолдауының жетінші бағытын қазақстандық патриотизмге арнапты. Бұл жолы да Президентіміз көпұлтты халқымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірігуі керектігін атап өтті. Маңызды құжатта ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланатыны жайлы жазылған. Бұл ретте мемлекет басшысы қазақ халқына ерекше жауапкершілік артылатынын қадап айтты. Мемлекеттік тіл де көлеңкеде қалған жоқ.

Кәрібай Мұсырман, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы СҚОФ төрағасы:
– Елбасымыз өзінің биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясында да мемлекеттік тілімізге, қазақ тіліне өте зор маңыз берді. Осыған дейін де айтылып келе жатқан қағидалы сөздер «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөздерін тағы да есімізге салды.  

Кездесуге келген солтүстікқазақстандықтар маңызды құжаттың әр бағытын жан-жақты талқылады. Жиылғандар мемлекет басшысы жаңа жолдауда елдің өркенді дамуына дұрыс бағыт-бағдар беріп отырғандығын алға тартуда.

 Александр Плотко, “Свитанок” украин мәдениетінің орталығы» ҚБ төрағасы:
-Білім беру саласы, ұлтаралық келісім сияқты жолдауда көрсетілген барлық мәселелер өзекті деп ойлаймын. Біздің мемлекетіміз көпұлтты болғанына қарамастан бірлігі жарасқан, тұрақтылық тұғыры бекем ел болып қалыптасқан.

Алдағы мақсат айқын. Ел азаматтарының ендігі міндеті – осы бағыттан айнымай, ел дамуы жолында аянбай еңбектену дейді жерлестеріміз.

Айдана Демесінова