Салық басқармасы

Төлем карточкалары арқылы есеп айырысу

 

Салық департаментінің мамандары жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға төлем карточкасымен есеп айрысатын арнайы терминалдарды орнату қажет дейді. Бұл банктен жалақысын және зейнетақысын карточкамен алуға дағдыланған халық үшін тиімді екенін алға тартып отыр. Тек, шағын бизнес субъектілері, арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалар, телекоммуникацияның жалпы пайдалану желілері жоқ болған жағдайда ғана терминал орнатылмайды.

Жаңыл Қабдошева, СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының бас маманы:
– Аталған өзгертулердің орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген. Арнайы жабдық болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әрине, егер де аталған тұлғалар арнайы терминалды орнатпаған жағдайда кәсіпкерлер  40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал, шағын және орта бизнес субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғалар – 60, ірі кәсіпкерлікпен айналыспайтындар 80 айлық көрсеткіш есебінде әкімшік айыппұл төлеулері қажет болады.

Жаңыл Қабдошева, СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының бас маманы:
-Егер де құқықбұзушылық әкімшілік айып салудан кейін жыл ішінде қайталап жасалған болса, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айыппұлдың санкциялары екі есеге артады. Ал ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 150 АЕК құрайды.  

Сондай-ақ аталған талаптармен қатар, 2012 жылдың 21 маусымындағы заңмен Салық кодексінің 627-ші бабына да өзгертулер енгізілген. Осыған сәйкес салық департаментінің мамандары төлем карточкаларын қолдану мен төлемдерді қабылдауға арналған  терминалдардың орнатылуын қадағаламақ.

Гүлбану Ахметова