Қоғам

Планеталар шеруінен адамзатқа зиян жоқ


 

 2012 жылдың 21 желтоқсанында барлық тіршілік атаулыға нүкте қоятын ақырзаман орнайды-мыс деген хабар шыққалы халық арасында неше түрлі дақпырт тарағаны белгілі. Бұл сұраққа кімнің қандай ойы бар екенін білу мақсатында халықтың пікірін тыңдадық.

– Сенбеймін. Меніңше бұл ойдан шығарылған. Бұған ешкім сенбейді.
– Ақырзаман туралы айтылғандардың бәрі ақымақтық. Ақырзаман болмайды, тек қана жаңа бақыт күтейік.  

Ақырзаман жайлы ақпаратқа ғылыми тұрғыда не айтуға болады. Бұл сұраққа жауап алу үшін астроном Андрей Солодовникке жүгіндік. 21-желтоқсан күні Жерге астероид құлауы мүмкін деген қауесетті ол жоққа шығарып отыр.

 Андрей Солодовник, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ физика кафедрасының доценті, астроном:
– Ақырзаман болады деген ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде интернет арқылы көпшілікке тараған дақпырт сияқты. Егер бұл сұраққа ғылыми тұрғыда қарайтын болсақ, оған себеп болатындай тұжырымдар жоқ. Планеталар шеруі жайлы көп жағдайда ойдан шығарылады. Дегенмен, оның өзі жерге ешқандай әсер ете алмайды. Алдағы уақытта, нақты алсақ 21-і күні жерге құлайды-ау деген астероид та жоқ.

Планеталардың бір тізбекте қозғалуы үнемі қайталанатын құбылыс көрінеді. Дегенмен, планеталар әлемінде қандай да бір өзгеріс болса, ол жайында әлдеқашан белгілі болар еді дейді Андрей Солодовник.

 Андрей Солодовник, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ физика кафедрасының доценті, астроном:
– «Планеталар шеруі» жыл сайын болатын құбылыс. Яғни, Күн белгілі бір планетаға жақындайды. Жыл сайын екі планета біріне бірі жақын орналасады. 2029 жылы жерге жақын Апофис астероиды ұшып өтеді. Онда ол жерге 40 мың шақырымға жақындайды.

Әр күннің еншісі өзіне тиісілі. Ал одан кімнің қандай жаңалық күтетіні әркімнің өзіне байланысты.

Әспет Әбдірешова