Қылмыс

Браконьерлер

 

 

Заңбұзушылықтың орын алғаны жайлы СҚО ІІД-не бұл жағдайға бейжай қарамаған азаматтар хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ізін суытпақ болған 4 азаматты көрген. Алайда, тәртіп сақшылары олардың жолын кесті. Ұсталғандардың жасы 25 пен 35 аралығында. Қолдарында қарудың болғанына қарамастан, сезіктілер кінәларын мойындамады. Аумақты тексеру барысында еліктің денесі табылды. Қару тәркіленіп, күдіктілерге қатысты қылмыстық істі қозғау мәселесі қаралып жатыр. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз аң аулау фактісі бойынша 10 қылмыстық іс қозғаған.

Айдана Демесінова