Қоғам

Нұротандықтар Президент Жолдауын талқылады



 

 

Елбасы өз сөзінде бүгінге дейін «Қазақстан-2030» стратегиясының басым бөлігі іске асырылғанын айтты. Нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдеді. Даму бағытында нық қадам басып келе жатқан мемлекет жолда кездескен қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсаттардың біразына қол жеткізді. Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында қазақстандықтарға жаңа тапсырмалар жүктеді. Ендігі міндет – оны жүзеге асыру.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Біздің талпынысымыз бен тәжірибемізді пайдаланып, Елбасы сеніп тапсырған міндеттерді орындауымыз қажет. Бүгін қолға алатын шаралардың жоспарын бекітуіміз қажет.

Маңызды құжатты түсінген саяси кеңестің мүшелері өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстар жасауда. Елбасының тапсырмаларын орындау қолымыздан келеді дейді олар

Марат Омаров, облыстық мәслихаттың депутаты:
-Өз жолдауында Елбасы мемлекеттің алдында саясатта, әлеуметтік салада, экономикада қандай бағдарламалар бар, сол бағдарламаларды, бағыттарды айтты. Соған жетуге мүмкіншілік бар. Танымал президентіміз, еңбекқор халқымыз, талапты жастарымыз бар.

Жиында Жолдауда жүктелген міндеттерді орындау үшін ұйымдастырылатын шаралардың жоспары жайлы сөз болды.

Қайрат Пішенбаев, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:
-1 жылдың ішінде партия өкілдері жолдауды түсіндіру мақсатында ауқымды жұмыс жасайтын болады. Зауыт, өзге де мекемелердің қызметкерлерімен кездесеміз. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде БАҚ жұмылдырылады. Әдістемелік материалдар да дайындалады.

Отырыста жасотандықтардың жоспарлары да қызу талқыланды. Бүгінде облысымыздың 5-6 ауданында ғана «Жас отан» жастар қанатының хатшылары жұмыс істейді екен. Өңір жетекшісі қаңтардың 19-на дейін бұл мәселені шешуді тапсырды.

 Самат Жәкенов, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы:
-Облыс орталығында өндіріс ошақтарында жұмыс істейтін, аудандарда ауыл шаруашылық саласында еңбектенетін жастармен кездесуді жоспарлап отырмыз. Зауыттар маңынан жастар комитетін құруды да ойластырып жатырмыз.

Өндіріс ошақтарымен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасты нығайту керек дейді облыс әкімі Серік Біләлов. Бұл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау керектігі жайлы айтылған. Бұл бағытта жұмыс жасау қажет. «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасы аясында қыруар қаржы бөлінеді. Өңірде бұл қаражат толық игерілмей жатыр. Түйткілдің түйінін тарқату қажет.

Денсаулық сақтау саласында да біраз олқылықтар орын алған көрінеді. Аймақ басшысы бұл келеңсіздіктерді тез арада жоюды тапсырды. Жиын соңында жолдауда жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың жоспары қабылданды.

Айдана  Демесінова