Қоғам

Мерекелік концерт

Ата-баба аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге тура 21 жыл толды. Осы уақыттың ішінде Қазақстан көкте қыран құстай самғап, әлемге танылды. 21 жылдың ішінде 100 жылға бергісіз жетістіктерге жетті. Бұған халық куә. Ел азаматтары бостандықтың қаншалықты қымбат екенін жақсы біледі. Сол себепті, ұлттың да, мемлекеттің де сақталып қана қоймай, дамуына мүмкіндік беретін тәуелсіздікті жоғары бағалайды.

Тимур Айтқожин:

-Осындай бейбітшілігі жарасқан елде өзімізді тәуелсіз сезінеміз, еркін қазақ тілінде сөйлеп, өзге елдерге өнерімізді, мүмкіндіктерімізді де паш ете аламыз. Өйткені, біз – тәуелсіз елміз. Биылғы жыл еліміз үшін табысты болды. Әрдайым осылай тыныштықта өмір сүріп, көркейе берейік.

Жексенбіде күн аса аязды болды. Сыртта сынап бағанасы – 35-тен аспаса, кем түспеді. Ал Тәуелсіздікті ұлықтауға бұл да кедергі емес. Қала тұрғындарын тоңдырмау үшін мереке қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Жүзі жадыраған жұрт осында жиылды. Олардың Отандастарына деген ниеттері ақ, тілектері шын жүректен.

Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын! Еліміз тиыш, жұртымыз аман, болашағымыз зор, жастарымыз патриот болсын.
Солтүстікқазақстандықтарды Тәуелсздік күнімен құттықтаймын! Елімізге тиыштық, амандық берсін! Елбасымыз аман болсын!
Егемендігіміз тұғырлы болсын! Еліміз дамыған 50 елдің қатарына еніп, көк туымыз аспандап желбіресін.

Қалалық мәдениет үйінің залында ине шаншар жер болған жоқ. Сахнада жезтаңдай әншілер мен мың бұралған бишілер. Тақырып – Тәуелсіздік пен ұлтаралық достық. Иә, алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді демекші, бұл жерде татулықтың  алатын орны ерекше. Достығымыз жараса берсін, еліміз дами берсін, ағайын!

Данаш Хамзина