Денсаулық сақтау

Облыстық аурухана лизингке заманауи құрылғылармен жабдықталуда

 

Гемодиализ – соңғы заманауи үлгідегі медициналық қондырғылардың бірі. Оның көмегімен бүйректегі созылмалы жетіспеушіліктің алдын алуға болады. Облыстық аурухана бүгінде осы аппараттың екеуімен толығып отыр.

Лилия Гымызина, облыстық аурухананың нефрология және гемодиализ бөлімінің меңгерушісі:
– Соңғы уақытта созылмалы бүйрек ауруымен ауыратындар саны ұлғайып келеді. Жыл басында 25 адамға гемодиализ аппараты қажет болса, қазір 38-і осы құрылғының көмегіне зәру. Лизинг бойынша екі аппарат алдық. Өте ыңғайлы әрі заманауи қондырғылар артериалдық қысымды өзі өлшейді. Барлық функциялары біз үшін ыңғайлы.  

Германияда шығарылған мұндай бір аппараттың құны – 5,5 млн теңге. Құрылғылар «КазМедТех» АҚ-ның қаржылық лизинг шарттары бойынша алынған. Компания ел көлемінде 100 құрылғы орнатыпты. Оның 11-і облыстық ауруханада.  

Ян Блавутский, «КазМедТех» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:
Солтүстік Қазақстан лизинг бойынша құрылғылар алуда жетекші өңірлердің бірі. Облыстық аурухана мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланды. Емдеу мекемесі менеджменттің аса жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

Жалпы ауруханада 16 заманауи медициналық құрылғы бар. Оған 275 млн теңге жұмсалыпты. Олар ультрадыбыстық сәуле шығару аппараты, эндоскопиялық қондырғы, ота жасау кезінде наркоз жеткізіп тұратын аппараттар. Қажетті қондырғыларға қол жеткізу бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен шығарылған.

Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:
– Қаржылық лизинг бағдарламасы қажетті медициналық техникамен қамтамасыз етуде өте қолайлы. Осы бағдарлама бастау алғаннан бері оған облыстық аурухана белсенді қатысып келеді. Бүгінде бізде бар аппараттар халық игілігі үшін қолданылуда.

Дәрігерлер медициналық аппараттар әлі де қажет деп отыр.

Әспет Әбдірешова