Спорт

«Дельфиннің» мерейтойы



 

Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылып ұйымдастырылған жарысқа Омбы және Қорған қалаларының спортшылары да қатысты. Жалпы сайыс 200-ге жуық адамның басын қосты. Ұйымдастырушылар бұл дода екі үлкен мерекені ұштастырып отыр дейді. Себебі биыл талай спортшыны қанаттандырған «Дельфин» спорт мектебіне 40 жыл толыпты.

 Теміртас Әлжанов, су спорты түрлерінен «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Біздің 20 метрлік бассейн Қазақстандағы ең жақсыларының бірі. Бізде 340 оқушы бар. Оның ішінде әлем чемпионы Владислав Поляков, Азия чемпионы Гапотченко Римма деген дарынды балалар бар. Біздің жарыс екі күн өтеді.

Жарысты ең жас спортшылар бастады. Әзірге олардың айта қоярлықтай жетістіктері де жоқ. Дегенмен мұндай сайыстар олардың болашағына бастар жол болмақ.

Мен екі жылдан бері жаттығып келемін. Сайыс қиын болған жоқ. Бассейнге түсу – бұл денсаулыққа пайдалы.
Мен суға түскенді ұнатамын. Күн сайын таңертең тұра сала бассейнге барамын.

Келесі болып жарыс алаңына 11 мен 12 жас аралығындағы жасөспірімдер шықты. 50 метрлік қашықтықты кез-келген спортшы түрлі техникамен жүзіп өте алады. Бұл додада 31,95 секундты бағындырған омбылық спортшы Анна Максимова мәреге бірінші болып жетті.

 Анна Максимова, жарысқа қатысушы, Омбы қаласы:
– 5 жылдан бері суда жүзу спортымен айналысып келемін. Себебі суға түскен өте ұнайды, осы спорт түрі қатты қызықтырады. Жаңағы сайыста бірінші болып келдім. Өз көрсеткішіме көңілім толады.

Жарыс жеңімпаздарының есімдері 14 желтоқсан күні белглі болады.

Әспет Әбдірешова