Ауыл шаруашылығы

Ауыз су – әр үйге



 

Мақпуза Сүлейменованың Есіл ауданындағы Тораңғыл ауылына қоныс аударғанына алты жыл. Жасы келсе де үй шаруасына әлі мығым кейуана. Үй жинастырып, тамақ пісіруден қолы бір қалт еткен емес. Зейнеткер  оның бәріне су қажет, ал ол үйде ағып тұрса, неге істемеске дейді.

Мақпуза Сүлейменова, зейнеткер:

-Фляга тұрмақ, шелек көтермеймін. Монша жоқ, ал бір үйге барып жүруге денсаулық жарамайды. Сондықтан суға үйдегі ваннаға шомыламын. Су тасып әуре болмайсың.

Елді мекендегі 167 үйдің 158 орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Әр үйге су осыдан бес жыл бұрын енгізіліпті. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде “Азия Тораңғұл” серіктестігі су тарату желісінің 22 шақырымын жаңалап алған. Су мұнаралары тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Қабдунас Қуандықов, Тораңғұл селолық округінің әкімі, Есіл ауданы:

-Жаз мезгілінде ауылдықтар күніне 1600-1800 текше метр су шығындаса, қыста ол аз. Екі су мұнарасы да іске қосылған. Округімізде тіршілік көзінен таршылық жоқ. Су күні-түні ағып тұр.

Бұл Есіл ауданындағы әр үйге су тартылған санаулы ауылдардың бірі. Ал қалған елді мекендер болса тіршілік көзін құдықтан, жер асты ұңғымалары немесе су тарату қосындарынан алады.

Марат Омаров, областық мәслихат  депутаты:

-Су қалай беріледі сіздерде, сағатпен бе?
Нұрлан Елжасов, Ил
ьинка селолық округінің әкімі:
-Тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта, күндізгі сағат 3-тен 4-ке дейін. Күзетші әрдайым осында.

Ауыз су алуға өздері келе алмайтындарға тіршілік көзі үйлеріне тасылып беріледі. Александровкадағы үш қарияға қызметтің бұл түрі тегін.

Анна Васильченко,зейнеткер:

Үйіміз жылы. Отынымыз бар. Суымызды әкеліп береді. Қарттарға бұдан басқа не керек.

Бұл жерден күніне шамамен 10 адам су алады. Қалғандары құдықтан ішкенді жөн санайды. Солардың бірі Николай Машенцов. Үй іргесіндегі тіршілік көзіне үйрендік, қосындағы тазартылған судан ішкен дұрыс болар еді, алайда ол алыс дейді. Бірақ техникалық талаптар бойынша қосындар биік жерде орнатылуы керек.

  Николай Машенцов, село тұрғыны:

Құдық үйімнің дәл жанында. Ал қосын болса, қашық. Ол шамамен екі шақырым жерде орналасқан. Ыңғайсыз бізге.

Жарқайыңдықтардың жағдайы жақсы. Су тарату қосыны ауылдың қақ ортасында орналасқан. Сағат таңертеңгі оннан он екіге дейін, түстен кейін үш пен бестің арасында жұмыс істейді.

  Науан Қарағышов, ауыл тұрғыны:

Судың сапасы жақсы. Флягасы 15 теңге, қымбат емес. Ақшасын осы жерге төлейміз.

Ауыл халқының саны – 200. Бәрінің жекеменшік шаруашылығы бар. Мектеп, кітапхана, медициналық қосын жұмыс істейді.

 Бүркіт Жаров, ауыл тұрғыны:

Жолдар қардан тазартылып тұрады. Бұл жөнінен мәселе жоқ. Шаруашылықтар жем-азық даярлауға да көмектесіп тұрады.

Бір айтары көшеде жарық жоқ. Оны орнату келер жылдың еншісінде. Аудан тұрғындары, ең бастысы, таза ауыз судан таршылық көріп отырғанымыз жоқ дейді.

Марат Омаров, облыстық мәслихат депутаты:

– Бүгін біз Есіл ауданының үш елдімекенінің жағдайымен таныстық. Оларға “Таза ауыз су” бағдарламасы шеңберінде   су берілген болатын. Су тарату мұнаралары жұмыс істеп тұр. Тек Александровка селосы тұрғындарының басым бөлігі құдықтарды пайдаланады екен. Олар көшеге су өткізілсе дұрыс болар еді деген өтініштерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, су тарату қосындарын орнату – “Ақ бұлақ” бағдарламасының бастамасы ғана. Республикалық жобаның көздеген мақсаты – еліміздің әр ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Самат Есмағи