Аптадағы маңызды жаңалықтар

Кәсіпкерлерге арналған семинар

 

 

 

Тамара Гайсина 2001жылдан жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Жеке кәсіпкер биыл үшінші қоғамдық көлік сатып алыпты. Ендігі мақсат  жақсы табыс көзіне айналған көлік нысандарын қоятын жылы өз автотұрағым болса дейді.

Тамара Гайсина, “Гайсина” ЖК директоры:
– Маған кәсібімді өркендету үшін Автопарк қажет. Оған өз күшім жеткіліксіз. Мен сияқты жандардың мақсатын орындауға мемлекет қолдау жасайды. Бұл өте орынды. Жеңілдетілген несие алатын мүмкіндікті пайдаланып қалмақшымын,  алғыстан басқа айтарым жоқ.

Кәсіпкерге бұндай көмекті “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚО бойынша аймақтық филиалы жасауда. Тамара Гайсина “Бизнестің жол картасы- 2020” мемлекеттік бағдарламасының аясында екінші деңгейлі қаржы институтынан жеңілдетілген үстеме ақымен несие алмақшы.

Құлыбек Шопанов, “Цесна банк” АҚ СҚОФ директоры:
– Бізде 12 пайыздық жылдық үстеме ақымен несие беріледі.
Кәсіпкер үстеменің тек 7 пайызын өтейді. Өзгесі бағдарлама аясында үкіметтен аударылады. Бұл орта және шағын бизнесті дамытуға өте қолайлы.  

Биыл аталмыш бағдарламаға қатысуға тілек білдірген 46  солтүстікқазақстандық мемлекеттің қолдауын тауыпты. Жеке ісін дөңгелентем деген өңір кәсіпкерлеріне 200 млн теңгенің субсидиясы бөлінді. Десе де жеңілдетілген несие алуға ынта танытқан жерлестеріміздің қатары қалың емес дейді мамандар.

Айгүл Мұратова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚОФ менеджері:
Біз бағдарламаның мақсаты мен мүмкіндіктерін тағы бір түсіндіріп өту үшін кәсіпкерлермен кездесіп отырмыз. Көбінің сескенетіні бағдарламаны толық білмеуінде. Сауалдарына жауап береміз. Біз 4 бағытта жұмыс жасаймыз. Әрбірі өзіне тиімдісін таңдай алады.

Бірінші бағыт жеке ісін бастағысы келетіндерге арналған. Келесісі кәсіпкерлік секторын сауықтыру, үшіншісі қаржылық тәуелдерді төмендету, соңғысы бизнесмендерді оқытуға бағытталған. Сондай-ақ жиында мемлекет кәсіпкерлік ошағының инфроқұрылымын жетілдіруге мүмкіндік жасап отырғандығы айтылды.

Зайра Аяғанова, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары:
Кәсіпорындардың инфрақұрылымын жақсарту бағытында жыл басынан 9 жоба қаралды. Негізінен тас жол төсеуге, кәріздік желілерді ауыстыруға, су, электр сымдарын тартуға қатысты. Бұл негізінен дұрыс. Бизнестің өрге домалауы қоммуналдық желілерге де тікелей байланысты.

 
Бұл бағыттың жүзеге асуына биыл 621 млн. теңге бөлініпті.

Жеңіс Ермұқанов