Қоғам

Облыстық ардагерлер кеңесі жылды қорытындылады

 

 

 

Бұл облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының биылғы жылғы қорытынды жиыны десе де болады.Сондықтан президиум отырысы салтанатты рәсімнен басталды. Жыл бойы түрлі шараларға белсене қатысқан ұйым мүшелері облыстық ардагерлер кеңесі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының алғыс хаттары, құрмет грамоталарына ие болды. Ақшалай сыйақы да табысталды.
Сондай-ақ отырыста қарттарды қолдау айлығының қорытындысы жасалды. «Бұл уақытта көмекке мұқтаж ардагерлердің ешбірін назардан тыс қалдырмауға тырыстық», – дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Әдия Ахметова, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Бұл айлық өте жоғары дәрежеде өтті. Ардагерлеріміз қамқорлыққа бөленді.

Игі жұмыстар аудандарда да жалғасын тапқан. Айыртау ауданында қайырымдылық сенбіліктерден ардагерлер ұйымының есепшотына 3 млн теңгедей қаражат түсіпті.

Армия Әбілқайыров, Айыртау аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы:
Айыртау аудандық ардагерлер ұйымында 6975 ардагер бар. Оның ішінде 17 ҰОС ардагерлері бар.

Ардагерлер осы бағытта әлі де бірталай іс тындыруды жоспарлауда.

Инеш Шоқақова