Құқық қорғау органдары

Полицейлер «Район» шарасын қорытындылады

 
 «Район» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары тұрмысы нашар отбасыларды аралап, жастар көп шоғырланатын орындарды бақылауға алды.

Қымбат Қасымғожина, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы:

 

-Түнгі уақытта ойын-сауық кешендері тексеріліп ата- аналарының қарауынсыз жүрген жастарды анықтадық. Олардың ата-аналарын жауапкершілікке, ал жасөспірімдерге алкогольді сусындар мен темекі бұйымдарын сатқаны үшін сатушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.

Бір топ жасөспірім Мир көшесі бойынан түн ортасында құжат тексеру үшін тоқтатылған. Кейін төрт қыз баланың кәмелетке толмағандығы белгілі болып шықты. Олар Петропавл қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қала колледждерінде білім алып жатқан қыздардың ата-аналары ауылдарда тұрады екен. Сондықтан бөлімшеге топ жетекшісі шақыртылып, куратордың қатысуымен әкімшілік хаттама толтырылды.Әзірге бұл қыздар жай ғана ескертумен шектелді. Алайда мұндай заңбұзушылық әрекеттері қайталанатын болса, олар тіркеуге алынады. Ал ата-аналары айыппұл төлеуге мәжбүрленеді.

Айдана Демесінова