Билік

Екі ауданның жаңа әкімдері тағайындалды

Жамбыл ауданының әкімі болып Владимир Балахонцев  тағайындалды. Бұған дейін ол Есіл ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі қызметінде болған.
Ал Айыртау ауданының әкімі қызметіне Амантай Сейфуллин тағайындалды. Ол Қостанай облысының Ұзынкөл, Қарасу аудандарының әкімі қызметтерінде еңбектеніпті. Тағайындауға дейін «САД-НҰР» ЖШС атқарушы директоры лауазымында қызмет еткен.