Салық басқармасы

«Чек талап ет – бағалы сыйлық ұтып ал» акциясы басталды


 

Осылайша жастар халықты акцияға қатысуға шақырады. «Чек талап ет – бағалы сыйлық ұтып ал» акциясы желтоқсанның бірінде басталды. Шараны ұйымдастырушы Солтүстік Қазақстан облыстық салық департаментінің мамандары акцияның тұтынушыға берері мол дейді.

 Тұяқ Қылышбаев, СҚО салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бастығы:
– Басты талап 2012 жылдың бірінші желтоқсанынан 2013 жылдың бірінші наурызына дейін 5 чек жинап, оны купонға айырбастаукерек. Мұндай пункттер «Рахмет» сауда үйінде, «Нан+» дүкендері мен «Қазпресс» киоскілерінде бар. Бес чектің құны 5000 теңгені құрауы керек.

Флэшмоб барысында акцияның шарттары түсіндірілген арнайы парақшалар да таратылды. Жастар бұл дұрыс бастама, сыйлықтары да қомақты деп отыр.

– Мұндай шаралар керек. Бұл салық департаментіне кімнің заң талаптарын орындамайтынын көретеді. Қолдан келсе, қатысамын.
– Неге қатыспаса, меніңше өте қызық акция. Мүмкін сәттілік уысымызға түсіп қалар.

Акцияның қорытындысы 2013 жылдың алтыншы наурызында жарияланады.

Әспет Әбдірешова