Қоғам

Бүгін Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бірінші Назарбаев оқулары басталды

 

 

 

BNews.kz  ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, форумға шет елден белгілі саясаткерлер, ғалымдар келген. Экономикасының қарқыны жағынан Қазақстан жер бетіндегі ең серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің үштігіне енді. Елімізде жаңа саяси жүйе құрылды. Қазақстанның осы және басқа да жетістіктері Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның стратегиялық таланты, көрегендігі  және қойылған міндеттерді шешу кезіндегі табандылығы Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудың және оны дамытудың өзегіне айналды. Республикамыз бейбітшілік, келісім және тұрақтылық мекеніне айналды.Н.Ә.Назарбаевтың егемен мемлекетті қалыптастыру ісіндегі табысты бастамаларын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы ескеріле отырып, жыл сайын Назарбаев оқуларын өткізу дәстүрге айналмақ.

Дана Ғизатова