Бизнес және экономика

Акционер болу тиімді ме?


 

Халықтық IPO-бағдарламасы қолға алынғалы әзірге өз акцияларын сатылымға шығарған тек “ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамы. Бүгінгі күні олардың жалғыз акционері “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы. Ендігі кезекті құнды қағазға өтініш білдірген қарапайым халық та акционер бола алады. Аталмыш кәсіпорынның ел нарығында 15 жылдық тарихы бар.

Ғалымжан Нұрманов, “ҚазТрансОйл” АҚ Шығыс филиалы “Петерфельд” желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының бастығы:

-Біздің компания ең ірі мұнай тасымалдаушы компания. Одан басқа су тасымалымен де айналысамыз. 5,5 мың шақырым, мұнай, 2,5 мың шақырым су құбырларымыз бар Астрахань-Маңғышлақ деген. Одан бөлек мұнай сору станцияларымыз бен мұнай қоймаларымыз бар.

Мемлекет бекіткен бір акцияның құны 725 теңге. Қолыңызда артық ақша болса, оны құнды қағазға жұмсаған дұрыс дейді мамандар. Сол арқылы акционер атанасыз да компания айналымындағы қыржысынан үстеме ақы алып отырасыз.

Ғалымжан Нұрманов, “ҚазТрансОйл” АҚ Шығыс филиалы “Петерфельд” желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының бастығы:

– Бұл енді әр қазақстандық  құнды қағазға қол жеткізсін деген бағдарлама. Ең қызығы 16 желтоқсаннан кейін 2 апта біздің компанияға акционер болып, 1 жылдың табысының дивидендіне ие болады. Жаңа бізге қосылған дивиденд-инвесторлар.

Акцияларды сатып алушылар саны күн санап артып келеді дейді компания өкілдері. Аталмыш науқан басталғалы бері 5,5 миллиард теңгеге ұсыныс түсіпті.

Самат Есмағи