Өзін-өзі тану пәні қалалық №7 орта мектепте 2010 жылдан бастап өткізіледі екен. Мұнда қазақша оқитын 1-ден бастап 6 сынып бар. Бұларда аталған пән мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Нұргүл Қабденова, қалалық №7 орта мектеп директорының орынбасары:
-12 жылдық білім тұжырымдамасында өзінің және қоғамда өзін-өзі белсенді етуге дайын бәсекеге қабілетті білімді тұлғаны қалыптастыру делінген. Өзін-өзі тану пәні мектептерде осы мақсатпен оқытылуда.
Семинарда ұстаздар өзін-өзі тану сабағына қатысып, әріптестерінің оқыту әдісімен танысты. Кейін ой елегінен өткізе отырып,бір-бірімен тәжірибе алмасты. Бибігүл Сыздықова №2 орта мектепте бастауыш сыныптарға аталған пән бойынша 3 жыл сабақ береді. Өзін-өзі тану – оқушының жақсы қасиеттерін ашуға көмектесіп, түзу жолға бағыт-бағдар көрсетеді дейді ол.
Бибігүл Сыздықова, қалалық №2 орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
– Барлығымыздың алға қойған мақсатымыз – бала тәрбиесі. Өзін-өзі тану пәні баланы жан-жақты дамытады, қоршаған ортаны танып білуге, сүйіспеншілікке, қамқор болуға баулиды. Өмірде өзінің жолын табуға жәрдемдеседі.
Сондай-ақ, семинарға келгендер мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасаған бұйымдары жайылған “Балалардың көзімен” атты көрмені тамашалады.
Гүлбану Ахметова