Билік

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдермен кеңейтілген кеңес өткізді

 

Мемлекет басшысы Президент жанынан Ұлттық комиссия құрылатындығын және аталған құрылым “А” корпусына кадрлық резерв таңдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аймақтардағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу барысы әкімдердің жұмыс істеуінің көрсеткіші болатынын айтты. Елбасы өңір жетекшілеріне жаңа жұмыс орындарын құру жайлы тапсырма беріп, аудан, қала әкімдерінің қызмет орнында жылдап отыру тәжірибесінен айығу қажет деді.
Аттестациялаудың нәтижесі бойынша елдегі құқық қорғау органдарының қатарынан жеке құрамның 25 пайызы кетті деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев. 900 адам лауазымды қызметінен босатылған, 400-і басқа жұмысқа ауыстырылса, ал 250-і жұмысынан өз қалауымен шығыпты. Президент, сондай-ақ, аттестаттаудан сәтті өткен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы жоғарылайтынын жеткізді.
Отырыста Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне Кедендік Одақтан келетін өнімдер импортын да бақылап отыруды тапсырды деп жазылған Газета kz. мәліметінде.
Данаш Хамзина