Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Онлайн-қабылдау» қызметі

 

 

Биыл елімізде жаңа «Онлайн-қабылдау» қызметі іске қосылды. Бұл – «электрондық үкімет» порталында мемлекеттік органның бірінші басшысының қабылдауына жазылуға мүмкіндік беріп отыр. Ол үшін бар болғаны egov порталында тіркелу қажет.

Қарлығаш Садриева, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
– Еgov-қа азамат кіруі қажет. Ол – авторизациялану деп аталады. Келесі, кестемен танысады. Кейін, күнін белгілеп алып өзінің телефонын, қайда жұмыс істейтінін, электрондық поштасын көрсету арқылы ХҚКО-ң мекенжайын көрсетіп, сұрағына жауап алады.

Өтініш білдірген азаматтың сұранымы 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Кейін электрондық поштаға оның нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. Тұрғын өзі көрсеткен ХҚКО-на белгіленген уақытта келуі керек. Бұл жерде ол өзі таңдаған мемлекеттік органның бірінші басшысымен видеобайланыс режимінде сөйлесе алады.

Қарлығаш Садриева, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
Ыңғайлы, қағаз бен қаламның керегі жоқ. Үйінде отырып, интернет болса болды, Өзінің қай басшыға қандай сұрағы бар, соны таңдап алып, бізге келіп қызметін ала алады. Астанаға барудың қажеті жоқ, интернет арқылы онлайн режимінде өтеді.

Қызметтің бұл түрін порталда тіркелген барлық қолданушылар пайдалана алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Солтүстікқазақстандықтар бұл қызмет өте пайдалы екен дейді.

Бейнеконференция залы өте жақсы. Мен бұны қолдаймын. Себебі, халыққа тиімді. Кез келген қала тұрғынына ыңғайлы.
-Бейнебайланыс, әрине, жақсы. Адамдарға ыңғайлы болу үшін бәрі жасалып жатыр.

Әлемдік сарапшылар Қазақстандағы “электронды үкіметтің” дамуын жоғары бағалап отыр. Соңғы 2 жылдың ішінде БҰҰ рейтингісінде еліміз 46-шы орыннан 38-шіге дейін көтеріліпті.

Айдана Демесінова