Украин мәдени орталығының төрағасы Аркадий Польшаков өз сөзінде мемлекеттегі біртұтастық пен ұлтаралық татулық – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі деп атап өтті. Сондай-ақ, Елбасының Украинадағы Днепродзержинск қаласында оқыған кезі баяндалып, жиынға қатысушылар Қазақстанды аз уақыттың ішінде әлемге танытқан көшбасшының ерекше қасиеттері мен қабілеттері жайында өз ойларын білдірді.