Қылмыс

Браконьерлер ұсталды

 

 

Полицейлер жұма күні аталған ауылдан 6 шақырым жерде кетіп бара жатқан «Nissan» автокөлігін тоқтатады. Рөлде 23 жастағы азамат отырады, қасында серігі бар. Тексеріс барысында көліктің жүк салғышынан екі полиэтилен пакетке салынған елік етіне ұқсас зат табылған. Жүргізуші жануарларды Долматово селосында тұратын танысымен бірге жақын маңдағы ормандардың бірінде атып алдық деп түсіндіреді. Тәртіп сақшылары  оның таныстарының үйінен  тағы бір еліктің етін, еш жерде тіркелмеген 12 калибрлі «ИЖ-18 ЕМ-М» мылтығын және 15 оқ, арнайы аңшы құралдарын табады. Тәркіленген айғақ заттар сараптамаға жіберілген. Айыптының үшеуі де бұрын-соңды сотталмаған. Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қайта босатылды. Қазір күдіктілерге қатысты ҚР ҚҚ 288-бабының 2-тармағы бойынша, яғни «Заңсыз аң аулаушылық» деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалу үшін материалдар жиналып жатыр.

Данаш Хамзина