Балалар

Ұлт көшбасшысы – жастарға үлгі

Желтоқсанның бірі еліміз үшін елеулі оқиға болмақ. Бұл күні елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Тарих бетіне көз жүгіртсек, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Қалың бұқара Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенім артып, тұңғыш рет Президенттікке сайлады. Сол кезде қазақстандықтар өз таңдауында қателеспеді. Аз уақыттың ішінде жас мемлекетіміздің бағындырған белестері осының бір айғағы. Бүгінгі жиынға келгендер де осы жайлы айтып, өзара ой бөлісуде.

Данияр Әбутәліпов, «Нұр Отан» ХДП «Болашақ» филиалы төрағасының орынбасары:
«Елбасы туралы, еліміздің 20 жыл ішінде қандай нәтижеге келіп отырғанын, жастар саясатындағы жаңа өзгерістер бойынша, жаңа құрылған ұйымдар мен органдар бойынша тоқталып осы мерекені өткізіп жатырмыз.

Жас ұрпақтың болашағы Елбасымыздың назарынан қалған емес. Кейінгі толқынның сапалы білім, табысты жұмыспен қамтылуына жағдайлар жасауда. Дөңгелек үстелде бас қосқан жастар Отанымыздың өркендеуі жолында күшімізді аямаймыз деп отыр.

 Азат Тәжібаев, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ мүшесі:
-Елбасы әр жасқа үлгі. “Жас Отан” ЖҚ ІІ съезінде атап өткен, әсіресе “Жас Отан” ЖҚ қойылған мақсаттары, әсіресе, тілді дамыту, жастарды жұмыспен қамту және оларға білім беру. Екінші қойған мақсатымыз – бірлігімізді сақтау. Еңбек арқылы ғана біз өз арманымызға жетеміз.

Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасынан  өз орнын ойып алды. Бұл жетістікке Елбасымыздың мемлекет басқарудағы шеберлігінің арқасында қол жеткізіп отырғанымыз сөзсіз.

Айдана Демесінова