Құқық қорғау органдары

Бір күндік рейдте 25 кезбе анықталды


 

Үй-жайы жоқ кезбелерді анықтау мақсатында полиция қызметкерлері күнделікті рейд шараларын өткізеді. Себебі жылу құбырлары мен жертөлелерді мекендейтін тұрғылықты жері жоқ қаңғыбастар жыл санап артып келеді. Мұндайлар денсаулықтарын жоғалтады, нәпақа табу үшін қылмысқа да барады. Рейд барысында қаңғыбастардың қылмыстарға қатысы тексерілді.
Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалып кеткендердің кейбіреуі осындай рейдтер кезінде табылады дейді. Жыл басынан осы жүйе бойынша іздеуде жүрген 16 адам анықталған. Олардың 8-і із-түссіз жоғалған болса, 10-ы қылмыс жасағаны үшін жасырынғандар. Ағымдағы жылдың соңғы 11 айы ішінде қалалық ішкі істер басқамасының қабылдау бөліміне 8555 адам жеткізілген. Оның 316-сы соттың шешімімен қабылдау бөлімшесіне қамауға алынды. Көше мен қоқыс маңын жағалаған адамдарды қыстың аяздары алаңдатпайтын сияқты.

  Павел:

 – Әзірге суық емес.

– Аяз қысса не істейсің?

– Білмеймін

 
Көше кезген 31 жастағы Павел өмірін өзгертуді ойламайтын сияқты. Тіпті жақында тауып алған мың теңгені де  жанындағы достарымен ішімдікке жұмсаған көрінеді. Көп жағдайда көше кезгендер ауыр қылмыстардың құрбаны болып жатады. Күнделікті тамағын табу мақсатымен кейде өздері де қылмыс жасауға барады. Жыл басынан Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жүзден астам қылмыстың бетін ашқан.

Әспет Әбдірешова