Бизнес және экономика

Кеден одағы елдерімен тауар айналымы өсіп келеді

 

 

 

Кеден  одағының құрылуымен шағын және орта бизнестің халықаралық нарыққа енуіне жол ашылды. Бұл алдымен өнімнің сапалануына сеп болды. Осыдан бүгінде бірңғай экономикалық кеңістіктегі тауар айналымы 20 пайызға өсіп отыр. Өңіріміздің сыртқа шығарылатын экспорты 5 есеге артты. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана өз ара 66,5 млрд. АҚШ долларының өнімі саудаланыпты. Дені азық-түлік. 355 млн теңге СҚО үлесінде.

 Нелли Кукушкина, СҚО сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы:
-Біз бұрынғыдай тек шекаралық аудандармен әріптестік орнатумен ғана шектелмейміз. Шалғайда жатқан өңірлердің сауда-өнеркәсіп палаталарымен келісімдерге тұрдық. Бүгінде тек РФ-ның 40-қа тарта аймағымен байланыс орнаттық. Екі мәрте бас қостық. Алғашқысында жақынырақ танысып, тәжірибе алмастық. Екінші кездесуде бизнес жүргізудің алғышарттарын бекіттік.   

Бүгінде үш жақтың 500-ден астам кәсіпкерлері тұрақты қарым-қатынас орнатыпты. Жуырда тағы 40-тан артық өңір іскері келіссөз жүргізді. 17 бизнес өкілі келісімге қол қойған. Бірлескен 7 өндіріс ошағы бой көтермек. Көрші елдің мемлекеттік сатып алу үрдісіне араласам деушілер де баршылық. Десе де күрмеуі босамай қойған ортақ түйінді мәселелер де жоқ емес. 

 Нелли Кукушкина, СҚО сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы:
 – Ортақ 47 техникалық мөлшерлеме бар. Оның әзірге тек жартысы заңды күшіне енді. Өзгелері қабылданбай қойды. Мәселен, көп жағдайда біздің сапа сертификаттары шекара асқанда талаптарға сай болмай жатса, сырттан келетіндері де сондай қиындықтарға ұрынады. Бұны оңтайландыру тұрғысында үш жақты ортақ құжат ресімделсе, тығырықтан шығар жол айқындалары сөзсіз.  

Кедендік баж салығын қайтаруда әлі де қиындықтар туындап отыр. Теміржол тарифтері де әр түрлі. Бұның барлығы бағаның тұрақтануына кесірі тиіп жатқан көрінеді.

Жеңіс Ермұқанов