Аптадағы маңызды жаңалықтар

Акцияларға жазылу жалғасуда

 

 

Әлемнің озық елдерінде ірі компаниялардың акцияларын сатып алу тәжірибесі кең таралған. Бүгінгі күні 500 млн-ға жуық адам табысы мол түрлі кәсіпорындардың құнды қағаздарына иелік етуде. Қазақстандықтар үшін де ісі өрге домалаған мекеменің байлығына ортақтасу мүмкіндігі туындап отыр. «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында қарашаның 6-сынан «ҚазТрансОйл» АҚ-ң акциялары сатылуда. Өтініштерді қабылдау желтоқсанның 5-не дейін жалғасады.

Жомарт Қажырахымов, “ҚР Ұлттық Банкі” ММ СҚФ директоры:
-Бұл акцияларды айналымдағы бос, алдағы уақытта жұмсамаймын деген ақшаңызға алуға болады. Қатысу-қатыспай әр адамның ісі. Жағдайыңызға қарап, акцияны алуға болады. Банкке не болмаса басқа да салып қойған ақшаларыңызға алмаған жөн.

«ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының 1 акциясын 725 теңгеден сатып алуға болады. Бұл үшін «Қазпошта» АҚ және «Халық Банкі» АҚ бөлімшелеріне өтініш білдіру қажет. Бағдарлама шарттарына сәйкес акционер кем дегенде 5 акция сатып алуы тиіс. 2015 жылға дейiн бағалы қағаздар нарығында өзге де компаниялардың акцияларын шығару жүзеге аспақ.

Жомарт Қажырахымов,  “ҚР Ұлттық Банкі” ММ СҚФ директоры:
-Алдымыздағы 13, 14, 15 жылдарда мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың акциялары, мысалы, «Қазақстан темір жолы», «Қазмұнайгаз», «Air Astana» тағы сондай жақсы, пайдамен жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің акциялары айналымға шығады.

Ірi ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алып, пайда көруге және олардың дамуына қатысуға ниет танытып жатқандар аз емес.

-Жақсы бағдарлама. Ақшам болса міндетті түрде сатып аламын.
-Қаражатты пайдалы іске жаратып, табысқа қол жеткізуге жақсы мүмкіндік. Орайы келсе, құнды қағазды сатып
аламын.

Бүгінде өңіріміздегі «Қазпошта» бөлімшелерінде 250-ден астам шот ашылған.

Айдана Демесінова