Спорт

Баскетболдан ел чемпионаты

 

 

Доданың алғашқы күні қатарынан үш ойын өткізілді. Алғашқы болып алаңға Алматы облысының “Қапшағай”құрамасы мен елордалық “Астана жолбарыстары” шықты. Онда 60:44 есебімен астаналық команда қарсыласынан басым түсті. Ал шымкенттің «Қазығұрты» мен Алматының ЦСКА-сы арасындағы тартыста шымкенттік спортшылар 78:53 есебімен жеңіске жетті. Ал ойынның бірінші күнін Павлодардың «Ертісі» мен жергілікті «Барс» аяқтады. Жергілікті команда жанкүйері болғысы келетіндер, ойынды күн сайын сағат күндізгі екіден бастап тамашалай алады. Жарыс қарашаның 20-дейін жалғасатын болады.

 Матевос Никогосян,сайыстың бас төрешісі:

-7 команда ойын көрсетуде. Әзірге мынау мықты деп айту қиын. Ойыншылар жас. Барлығы тең дәрежелі. Өткен жылғы додада талдықорғандық команда чемпион атанған болатын. Қазіргі күні олар ұлттық лигада ойнап жүр.

Самат Есмағи