Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда қарашаның 30-нан су тарифі көтерілмекші

Жаңа құрылған “Қызылжар су” серіктестігі тарифті көтеруге мәжбүр. Одан түскен қаржы кәсіпорындағы жағдайды тұрақтандыруға жұмсалмақ. Басты мәселелердің бірі жұмысшылардың тұрақтамауы. Орташа жалақы 30 мың теңге. Соның салдарынан тек 9 ай ішінде 360 адам өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал көрсетілетін қызмет тарифінің өсуі, еңбеккерлердің жалақысын 60 мың теңгеден асыруға мүмкіндік береді.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры:

 

 

-Былтыр 114 миллион қарызы болған. Қазіргі қолданысқа енгізілетін тарифтің өзі бар мәселені шешпейді. Шешілетіні ол жалақы, былтыр 386 адам кеткен жұмыстан. Еңбекақы төмен. Сосын электр қуаты мәселесі.

Тіршілік көзі тарифінің көтерілуі бірден қалтаға салмақ түсіреді деп айтуға болмайды. Ол теңестірілген түрде жүргізілмек. Орта есеппен айына жан басына үш текше метр су кетеді деп есептелінген.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры:

– 3 текше метрге дейін су  пайдаланғандар 41 теңге төлейтін болады. 3 текшеден асатындары 1 текшеге 50 теңгеден төлейтін болады.

Бұл су есептегіш құралдары барлар үшін белгіленген баға. Ал ондай қондырғылары жоқтар бұдан да артық төлейді. Бір текше метрі 61 теңге 78 тиын. Қалай болғанда да әр адам белгіленген тарифті төлеуге міндетті. Себебі су тіршілік көзі.

Самат Есмағи