Балалар

Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы жұмыс жоспарымен бөлісті



 

Сапалы білім алу, көңіл көншітерлік жұмысқа тұру, баспаналы болу. Бұл кез-келген жастың арманы. Мемлекет жас буынның еліміздің толыққанды азамат болуына жол ашып отыр. Жастар саясаты да осыған бағытталған. Өңірде жастар саясаты жөніндегі басқарманың құрылуы да осының айғағы.

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы:
– Ағымдағы жылдың 15-тамызында облыс әкімінің басқарманы құру туралы өкімі шықты. Ал 13 қыркүйек күні біздің басқарма тіркеуден өтті. Бүгінде штатта 7 адамнан тұратын екі бөлім бар. Ол ақпараттық-сараптамалық және балалар мен жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімдер. Біз Елбасы жүктеген міндеттер бойынша жұмыс атқарамыз.  

Бүгінде ел аумағындағы тікелей жастарға қатысты «Дипломмен  – ауылға», «Жұмыспен қамту-2020» сынды бағдарламалар да өз жемісін беруде. Жалпы облыста 57 жастар ұйымы бар. Олардың әрқайсысының өзара ынтымақта әрі ұтымды жұмыс жасауы үшін бағыт-бағдар беретін басқарманың болғаны дұрыс дейді Виктор Молодовский.

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы:
Алдағы уақытта жоспарымызда университет, колледждер мен аудан орталықтарына барып, жастар ұйымы активтерінің жұмысымен танысқымыз келеді. Ауыл жастарымен кездесіп, ол жерде де жастар ұйымдарын құруды жоспарлап отырмыз.  

2013 жылға өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 10 млн теңге бөлінбек.

Әспет Әбдірешова