Әр түрлі

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшелігіне енді

 

 

 «Бұл еліміз үшін маңызды оқиға», – дейді «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Алина Орлова. Өйткені адамдардың құқығын қорғау кезінде пайда болатын мәселелер аз емес. Орталық мүшелері мұндай жағдайға өздері де тап болыпты. Сондықтан жағымды жаңалықтан күтерлері мол.

Алина Орлова, «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы:
– Бұл Кеңеске бізден өзге тағы 47 мемлекет енген. 3 жыл бойы осындай кеңестің құрамында болу – үлкен тәжірибе. Соған сүйене отырып, елдегі бірқатар заңнамаларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жаңа конвенциялар да пайда болады деген ойдамыз.

Инеш Шоқақова