Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа тағайындау

Виктор Молодовскийдің еңбек жолы 2001 жылы ақпараттық технологиялар маманынан басталды. Жастар клубтарының жұмысын ұйымдастыратын әлеуметтік қызметтің үйлестірушісі болды. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында түрлі қызметтерді атқарды. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Мамлют ауданына қарасты Ленин  ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Енді  Виктор Молодовскийдің кандидатурасы  облысымызда жаңадан құрылған жастар саясаты жөніндегі басқарманың бастығы қызметіне ұсынылды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Виктор Молодовский біліктілігімен танылып үлгерді. Болашағынан зор үміт күттіреді. Жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жастардың мәселелерін шеше алатынына сенімдімін. Елді мекендерде де бұл бастаманы қолдау керек. Әр ауданда жастар саясаты жөніндегі бөлімдер ашылуы тиіс.  

Жиналғандар ұсынысты бірауыздан қолдады. Өз кезегінде Виктор Молодовский лауазымды қызмет жетекшісі ретінде артылған сенімді ақтайтынын жеткізді. Ведомствоның штаты іріктеліп қойылыпты. Өлке жастарының мәселелерін шешуде 7 адам жұмыс жасайтын болады.

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы:
– Біз жұмысымызға белді бекем буып қызу кірісіп кеттік. Бүгінде қарашаның 16-сы күні Елбасының қатысуымен өтетін 2-ші жастар форумына дайындалып жатырмыз. Облысымыздан белсенді деген 113 жас қатысатын болады. 12-13 қарашада М. Жұмабаев ауданында жастар кеңесінде бас қосуды көздеп отырмыз.

Жеңіс Ермұқанов