Балалар

«Мен Қазақстанның патриотымын» фотосурет байқауының қорытындысы шықты

 

 

 

Талапты фотографтардың 90-ға жуық еңбегі қазылар алқасының бағалауынан өтті. Нәтижесінде 6 аталым бойынша үздіктер анықталды. Өнердің бұл түріне 1 жыл бұрын бет бұрған Алмаз Зікірин «Спорттық калейдоскоп» аталымында көш бастап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Алмаз Зікірин, байқау жеңімпазы:
-Мен мұндай конкурстарға бірінші рет қатысып тұрған жоқпын. Сондықтан жүлделі орынға, дипломға ие болу қиыншылық туғызған жоқ деп ойлаймын. Алдағы уақытта да жүлделі орыннан көрінуге тырысамын.

Айдана Демесінова