Спорт

Камиль Сафиннің жүлдесі үшін өткен боксшылар турнирінің қорытындысы

 

 

 

Шаршы алаңға Степногорск, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау және Петропавл қалаларының спортшылары шықты. Жеңімпаздар 13 салмақ дәрежесі бойынша анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша шахтерлер қаласының өкілі Мирас Аққожин, көкшетаулық Артур Смирнов, Александр Булка мен Мақсат Әубәкіров үздік атанды. Сондай-ақ Жезқазған құрамасының мықтылары Бірлік Иманбеков, Әлімхан Нұрқаман алтыннан алқа тағынып қайтты. Өз салмақтарында өңіріміздің белді боксшылары Никита Сипягин, Марат Ахметжанов, Жанат Батырбекұлы, Еламан Балахметов, Азат Елубаев, Сейылбек Омарбеков пен Сергей Ветиктің алдын ешкім орай алмады.

Жеңіс Ермұқанов