Құқық қорғау органдары

Жол полицейлері Венгрия азаматын құтқарды

 

 

Бар гәп жазғы жанармайдың құйылуында. Петропавлға жетер тұста сынап бағанасының күрт төмендеуінен нысанды қозғалтушы сұйықтық қатып қалыпты. Республикалық маңызы бар трассаны күзетуге шыққан өңіріміздің жол сақшылары жүргізушіні аяздан құтқарды. Жүк көлігін жылы гаражға сүйреп әкеліп, жанармайы  қысқыға алмастырылды. Иштван тек келесі күннің таңертеңінде жолға қайта шықты. Өткен жылы облыс жолдарында 30- жүргізушіге дәл осындай көмек көрсетілген екен.

 Жеңіс Ермұқанов