Құқық қорғау органдары

Полицияның ерікті көмекшілерінің слеті

 

 

Облыс аумағында  құқық қорғау бағытындағы 323қоғамдық құрылым отряды жұмыс істейді. Оның мүшелігінде 1774 адам бар екен. Жемісті еңбегімен көзге түскендер марапатталды. Қоғамдық тәртіптің сақталуына сүбелі үлес қосқаны үшін құрмет грамотасы, алғыс хат және ақшалай сыйлыққа ие болғандар: Амантай Мақанов, Қуаныш Малғаждаров пен Петр Аксенов. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж шәкірттері  үздік студенттік отряд атанды. Ал Айыртау ауданы  Антонов селолық округінің белсенділері «Үздік «Сақшы» отряды» грамотасына қол жеткізді. Петропавл ішкі істер басқармасы №12 полициясының аймақтық бекетінің қоғамдық кеңесінің жұмысына да жоғары баға берілді, -деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Айдана Демесінова